Қазақстан мен Украина көлік және коммуникация мәселелерінде келіссөздер өткізеді

None
None
КИЕВ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Асқар Шоқыбаев Киевте Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енинмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Украинадағы елшілігіне сілтеме жасап.

«Тараптар жақында өткен Қазақстан-Украина инвестициялық форумына жоғары баға беріп, екі ел арасындағы көпжоспарлы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін растады. Басым бағыттар арасында: агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау және фармацевтика. Осы салаларда үлкен тәжірибе, сондай-ақ жаңа ірі жобалар да бар», - делінген хабарламада.

А.Шоқыбаев атап өткендей, ең алдымен, дайын өнімдерді көрші мемлекеттердің нарықтарына шығару үшін ҚР аумағында бірлескен кәсіпорындар құру туралы сөз болып отыр.

Е. Ениннің айтуынша, аталған бағыттар бойынша жүйелі жұмыс екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол Украина тарапының жақын арада сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Украина Мемлекетаралық комиссиясының кезекті отырысын және көлік және коммуникация мәселелері жөніндегі екіжақты келіссөздерді өткізуге дайындығын растады.

Бұдан бөлек, Тараптар жақында Словакияда өткен ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді мен Украина Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Э. Жапарованың кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды дамытуда екі елдің халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылын тереңдетудің бірқатар аспектілерін нақтылады


Соңғы жаңалықтар