Қазақстан мен Түркия сарапшылары өркениет пен дін мәселелерін талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің және Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының ұйымдастыруымен «Өркениеттер бейбітшілігі және діндердің рөлі» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференция барысында Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтының басшысы Ержан Байбол, «Түркия-Қазақстан» достық қауымдастығының төрағасы Жесурхан Таш, Қожа Ахмет Яссауи университетінің профессоры Досай Кенжетай, Түркияның Дін істері басқармасының облыстық уағызшысы Салим Нурсачан, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері Мадина Бектенова және Түркияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі Нешет Бодур баяндама жасады.


Сарапшылар адамзат өркениеті мен діни бейбітшіліктің даму проблемаларын, діни наным-сенім, мәдениет пен қоғамның бір-бірінен ажырау мәселелерін талқыға салды.

«Түркия-Қазақстан» достық қауымдастығының төрағасы Жесурхан Таш Қазақстанда 140-қа жуық этнос өкілдері мен 17 конфессиялық топтың тату-тәтті өмір сүріп жатқанына, дінаралық төзімділік пен өзара түсіністіктің жоғары деңгейде екендігіне назар ауартты. Мұндай толеранттылық дінде бейбітшіліктің, әл-ауқат пен экономикалық тұрақты дамудың кепілі саналатындығын атап өтті. Талқылауға түскен мәселе дөңгелек үстел қатысушылары тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.


Соңғы жаңалықтар