Қазақстан мен Швейцария үйлесімді жұмыс істеуге келісті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Швейцария халықаралық деңгейде күш-жігер біріктіруге келісті. Бұл туралы бүгін Ақордада Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурермен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Швейцарияның сан ғасырлық демократиясы мен көппартиялық дәстүрі ресми Берннің сыртқы саяси жолы еліміздің және бүкіл әлемнің шынайы құрметіне ие болып отыр. Швейцария Конституциясында: «Халықтың мықтылығы халықтың әл-ауқатымен өлшенеді» делінген. Осындай салмақты тұжырымның мән-мазмұны зор деп ойлаймын. Швейцариялық серіктестеріміз де Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарға жоғары баға берді»,- деді Мемлекет басшысы.
Қ.Тоқаев Қазақстан көптеген сын-қатерлерді нық сеніммен еңсергендігін, қазіргі таңда тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде орныққанын баса айтты.
«Жалпы, өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша біздің елдеріміздің ұстанымдары ортақ. Мұны зор ризашылықпен атап өткім келеді. Алдағы уақытта да біз халықаралық деңгейде күш-жігерімізді біріктіріп, үйлесімді жұмыс істеуге келістік. Біздің еліміз өзінің сыртқы саяси бағыттарында сабақтастық дәстүрін берік сақтайды. Қазақстан көпвекторлы, сындарлы қағидатты ұстанып, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту үдерістеріне белсене қатысады. Осы мәселелерге баса мән беріп өттім»,- деді Қазақстан Президенті.
- Министрлік Ирактан оралған сәбилердің қазіргі жағдайы туралы айтты
- Қазақстан Елшісі Мажарстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
- Мемлекет басшысының апталық жұмысына видеошолу
- Тель-Авивте Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел өтті
-
Президенттің Германияға сапары стратегиялық серіктестіктің жаңа бағыт-бағдарын айқындады - Әсел Назарбетова
-
Президенттің Германияға сапары экономикалық байланысты дамытуға серпін береді - сарапшы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам