+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қазақстан мен Румынияның стратегиялық жоспарлау және болжау саласындағы тәжірибесі талқыланды

2020 жылғы 25 қараша 22:03
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Румынияның стратегиялық жоспарлау және болжау саласындағы тәжірибесі талқыланды

БУХАРЕСТ. ҚазАқпарат – Бүгін Бухаресте Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов Румынияның Стратегия және болжам жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Кристиан Николае Стэникэмен кездесті. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Келіссөздер барысында тараптар стратегиялық жоспарлау және болжау саласында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, қазақстандық дипломат жақында құрылған ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің негізгі міндеттері мен функциялары туралы хабардар етті.

«Өз кезегінде К.Стэникэ Румынияның экономиканы жоспарлау және болжау тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен бірге, келіссөздердің жеке тақырыбы COVID-19 пандемиясын ескере отырып, әлемдік экономиканың жағдайы мен даму перспективаларын талқылау болды.

Келіссөздер нәтижесінде жоғарыда аталған ведомстволар арасындағы қатынастарды дамыту мақсатында жақын уақытта бейнеконференция форматында кездесу өткізу туралы келісімге қол жеткізілді», - делінген ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT