+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстан мен Польша арасындағы тұрақты әуе қатынасы қайта қалпына келтіріледі

2021 жылғы 5 маусым 11:10
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Польша арасындағы тұрақты әуе қатынасы қайта қалпына келтіріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Польша арасындағы тұрақты әуе қатынасы қайта қалпына келтіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Ақтөбе – Нөкіс» бағытында жаңа әуе қатынасы ашылады

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 28 мамырдағы шешіміне сәйкес Қазақстан мен Польша арасындағы тұрақты әуе қатынасы қайта қалпына келтіріледі.
«Осылайша, рейстер 10 маусымнан бастап Варшава және Нұр-Сұлтан қалалары арасында аптасына 1 рейс жиілігімен «LOT Polish Airlines« поляк әуе компаниясымен қайта жаңғыртылады деп жоспарланып отыр.
Варшава – Нұр-Сұлтан – Варшава бірінші рейсі осы жылдың 10 маусымында орындалады. Бұдан әрі екі мемлекеттің астаналары арасындағы рейстер дүйсенбі сайын B – 737 типті әуе кемесінде орындалатын болады», делінген хабарламада.
Қазақстан мен Польша арасындағы рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешімдеріне байланысты болады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жасалады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT