Қазақстан мен Өзбекстанның туристік өнімдері бір ортақ брендпен біріктіріледі

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстанның бірлескен туристік өнімдері кеңсесі жұмысын бастады. Аталған орталық Шымкент қаласы мен Түркістан облыстық туризм басқармасының қолдауымен ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сала мамандарының айтуынша, екі ел арасындағы туристік өнімдер бір ортақ брендпен біріктіріледі. Алда екі елдің туристік операторларының қатысуымен біздің аймаққа шетелдік туристерді тарту жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындап отыр. Бүгінде Ұлы Жібек жолының ежелгі қалалары - Самарқан, Хиуа, Бұхара, Ташкент, Шымкент, Түркістан және Таразға апаратын «Heritage of Uzbekistan and Kazakhstan» атты алғашқы туристік бағыт әзірленді. Бұл бастама Орталық Азияға арналған шенген визасын алудың баламасы мен «Ұлы Жібек Жолының» бірыңғай визасын жоспарлы түрде жүзеге асыру аясында көршілес екі елдің туристік әлеуетін дамытуға жақсы қолдау болады.

Айта кету керек, туристік ақпараттық орталық Өзбекстанда Қазақстан жылының салтанатты ашылуына орай өткізілген іс-шара аясында іске қосылып отыр.
null

null null null null

Соңғы жаңалықтар