Қазақстан мен Өзбекстан су тасқынынан бүлінген шекарадағы бағаналарды жөндеуде

None
None
ГҮЛСТАН. ҚазАқпарат - 12-17 қараша аралығында Гүлстан Өзбекстанның Гүлстан қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан және Өзбекстанның Үкіметтік делегацияларының отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, комиссия Өзбекстан Республикасындағы Қарақалпақстанмен шектес Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысы шегіндегі учаскеге мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындауды жалғастырды.

Комиссия мүшелері 2020 жылғы мамырда Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы себебінен бүлінген шекаралық бағаналарды қалпына келтіру мақсатында Өзбекстанның Сырдария және Жизақ облыстарымен шектес Қазақстан Республикасының Түркістан облысы шегіндегі мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелеріне далалық зерттеу жүргізді.

«Келіссөздер достық және сындарлы жағдайында өтті. Келесі отырыс Қазақстан Республикасында 2020 жылдың желтоқсан айында жоспарланған», - делінген СІМ ақпаратында.

Еске сала кетейік, 2 мамырда Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, бір күннің ішінде Қазақстанның Түркістан облысында 4 ауылды су басты, 620 үй бүлінді. Мақтарал ауданында 2 мамырда төтенше жағдай жарияланды.



Соңғы жаңалықтар