+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Қазақстан мен Өзбекстан Мақтааралдағы су басқан аймақтарды қалпына келтіру жөнінде келіссөз жүргізді

2020 жылғы 14 мамыр 20:21
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Өзбекстан Мақтааралдағы су басқан аймақтарды қалпына келтіру жөнінде келіссөз жүргізді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавхат Хамраевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі елдің үкімет мүшелері Мақтаарал ауданында болған су апатынан зақым келген жерлерді қалпына келтіру және су қоймаларынан келетін қауіптің алдын алу бойынша келіссөз жүргізуде.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың мәлімдеуінше, су тасуы мүмкін деген Шардара су қоймасынан келетін ешқандай қауіп жоқ.

«Қазіргі сәтте Мақтаарал және Жетісай ауданында жалпы көлемі 7649 гектар ауыл шаруашылығы жерлері зақымданған. Осыған байланысты геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр»-, деді Е. Нысанбаев.

Сонымен қатар, кездесу барысында су тасқыны болған Мақтаарал ауданында ауылшаруашылығына келген шығын толық есептеліп жатқаны айтылды.

Түркістан облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, егіншілер жылдың екінші жартысында да дақылын қайта өсіре алмайды.

Егін шаруашылығымен күн көріп отырған кәсіпкерлердің жалпы шығыны 3 млрдқа жуықтайды. Өтемақы мәселесі үкіметтік комиссияға ұсынылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT