Қазақстан мен Өзбекстан қауіпсіздік кеңестерінің кеңейтілген консультациялары өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қалмұханбет Қасымов пен Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Виктор Махмудов төрағалық еткен келіссөздер барысында екі мемлекет ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар әлемдік және өңірлік қауіпсіздік, Орталық Азиядағы қазіргі қауіп-қатерлер, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда ынтымақтастық бойынша пікірлерін білдірді.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында да өзара әрекеттестік мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

Екі мемлекеттің экономикалық жүйелері мен халықтар үшін маңыздылығына байланысты трансшекаралық өзендердің пайдалануы мен қорғау саласындағы ынтымақтастықтың аспектілері қаралды.

Сонымен қатар шараның күн тәртібіне әскери және әскери-техникалық саласындағы өзара әрекеттестік мәселелері енгізілді.

Кездесу нәтижесінде 2020-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппараты Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Қауіпсіздік Кеңесі аппараты арасындағы ынтымақтастық жоспары келісіліп, мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар