USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізді

2021 жылғы 24 қараша 11:56
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан оқу-жаттығу барысында әскери құрамаларды бірлесіп жедел өрістету тәсілдерін пысықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Қорғаныс министрінің Өзбекстанға ресми сапары аясында екі ел қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-лейтенант Мұрат Бектанов пен генерал-лейтенант Баходир Құрбанов «Термез» полигонында «Hamkorlik-2021» бірлескен оқу-жаттығуының белсенді кезеңін бақылады.


Оқу-жаттығудың жоспары бойынша жауынгерлік бөлімшелер іздеу-барлау іс-қимылдарын жүргізу, қарсыластың тұтқиылдан жасаған шабуылының алдын алу, жаудың мықты жасақтарының көзін құрту, шабуылға тойтарыс бере отырып, жоғары мобильді әскерилендірілген топтарды жою тапсырмаларын орындады.

«Hamkorlik-2021» бірлескен оқу-жаттығуы екі елдің әскери құрамаларының өңірдегі жағдайдың ушығу қаупі артқан кезде түрлі оқу-жауынгерлік міндеттерді шешудегі өзара іс-қимыл деңгейін, сондай-ақ байланыс пен үйлесімділік дәрежесін арттыруға бағытталған.

Мұрат Бектанов пен Баходир Құрбановтың ресми келіссөздері барысында өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің соңғы уақыттағы сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлері талқыланатын тақырыпқа айналды. Оның ішінде Ауғанстандағы ахуал да бар. Одан бөлек, тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның қорғаныс саласындағы өзара қарым-қатынастарының өзекті бағыттарын, әскери білім беру және кадрлар даярлау мәселелерін де қарастырды.

Келіссөздер нәтижесінде екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы 2022 жылға арналған ынтымақтастық жоспары бекітілді. Жоспарда жедел және жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шаралары, командалардың Қазақстан мен Өзбекстан аумағында Армия халықаралық ойындарына қатысуы, өзара тәжірибе алмасу сапарлары қамтылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT