+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы бір жылда 2,7 млрд доллардан асты

2020 жылғы 16 наурыз 12:02
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы бір жылда 2,7 млрд доллардан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2,75 млрд АҚШ долларын құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 10,6 пайыздық өсімді көрсетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Finprom.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Тауар айналымының негізгі үлесін (72 пайызы) экспорт құрайды: 12 айдың ішінде Қазақстан Өзбекстанға 2 млрд АҚШ долларын құрайтын тауарлар мен қызметтерді ұсынған. Алайда жылдық құлдырау бұл бағытта 8,7 пайызды құрап отыр. Өз кезегінде Өзбекстан импортын 771,2 млн АҚШ долларына жеткізіп, алдыңғы жылдағы көрсеткішті 20,6 пайызға өсіре білген.

2019 жылдың үшінші тоқсанының соңында Қазақстанның Өзбекстан инвесторларының алдындағы сыртқы міндеттемелері 210,35 млн АҚШ долларына жетіп, 2018 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 14 пайызға өскен. 2018 жылдың үшінші тоқсанының соңында міндеттемелер сомасы 184,6 млн АҚШ долларына теңескен еді.

2020 жылдың 1 наурызы бойынша Қазақстанда өзбекстандық өкілдердің қатысуымен 1,154 мың заңгер тұлға, филиал мен өкілдік жұмыс істеп тұр. Көбінесе барлық компания шағын кәсіпорындарға (бір ірі бизнесті есептемегенде) негізделген.

Қазіргі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың көбі (74,4 пайыз) Қазақстанның үш облысында жұмыс атқаруда. Олардың 517,і Ақмола облысында, 189-ы Ақтөбе облысында, 152-і Алматы облысында. Өзбек азаматтарының компанияларының 61 пайызы сауда, автожөндеу, құрылыс, сонымен қатар кәсіби, ғылыми және техникалық салада еңбек етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT