Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд доллардан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Өзбекстан Үкіметінің басшысы Абдулла Ариповпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынасты тереңдетудің, оның ішінде өзара сауда көлемін арттырудың, өнеркәсіптік кооперация мен су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Әлихан Смайылов осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $1 млрд асқанын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27%-ға жоғары екенін атап өтті.

Сондай-ақ тараптар «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын іске қосу секілді бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін қарады.


Соңғы жаңалықтар