Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы артып отыр

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Қазақстан мен Өзбекстан машина жасау, электр теxникасы, тағам өнеркәсібі, туризм, көлік және логистика салаларында бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырып жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат «ӨзА» агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы уақытта екі ел арасындағы сауда айналымы жоғары қарқынмен өсті. Егер 2017 жылы оның көлемі 2 млрд теңгені құраса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 30%-ға жоғарылаған.

2019 жылы қос елдің сауда-экономикалық байланысын одан сайын арттырып, өзара сауда айналымын 4 млрд долларға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, экспорттық көрсеткіштерді 2,3 млрд долларға дейін өсіру жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар