Қазақстан мен Малайзия қорғаныс және ғарыш саласында ынтымақтастықты нығайтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин Малайзияда бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.



Малайзия Қарулы күштері қорының (LTAT) бас атқарушы директоры Л.В.Камаруддинмен келіссөз уақытында LTAT тәжірибесі қаралды. Ол Қарулы күштер ардагерлері мен олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету шараларын іске асыруға жауапты үкіметтік мекеме болып табылады. Бұған әлеуметтік тұрғын үй, емдеу, сауықтыру, басқа да мәдени нысандарды салу, қаржы қызметін көрсету, сауда операцияларын жүргізу жатады.

 

«ҚР әскери қызметшілеріне әлеуметтік көмек көрсетудің тетіктерін жетілдіру бөлігінде бұл тәжірибе бізге қызықты», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ ҚР вице-министрі Малайзия ғылым, технология және инновация министрлігінің бас хатшысының орынбасары Р. Дабулмен, «CyberSecurityMalaysia» ұлттық агенттігінің аға вице-президенті М. Шамирмен, «ANGKASA» ұлттық ғарыш департаментінің директоры М. Исмаилмен кездесті.

 
«Р. Дабул аэроғарыш саласындағы және киберқылмыспен күресте ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігіне баса назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша біз екі елдің ұлттық компаниялары арасында байланысты кеңейтуге, ҚР ҚАӨМ мен Малайзия «ANGKASA» ҰҒА арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігін қарауды уағдаластық», - деді Нұрғожин.

Соңғы жаңалықтар