Қазақстан мен Қытай ШҚО арқылы транзиттік темір жол салу мүмкіндігін қарастыруда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -  ШҚО әкімі Даниал Ахметов ҚХР ШҰАӨ-де «Қарамай-Тачен-Аягөз» транзиттік темір жолын салу мәселелері бойынша қытай тарапымен келіссөз жүргізді.

Қазақстан мен Қытай ШҚО арқылы транзиттік темір жол қатынасын салу мүмкіндігін қарастыруда.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «Бақыт-Аягөз»  темір жолы жобасын алдын ала зерттеу туралы меморандумға қол қойды, ол халықаралық магистральдің бөлігі болады, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Даниал Ахметов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елубаев жұмыс сапарымен ҚХР-дың Шәуешек қаласына жұмыс сапарымен барды, онда ШҰАӨ партия комитетінің тұрақты мүшесі ШҰАӨ Тарбағатай округінің партиялық комитетінің бас хатшысы Еркінжан Тұрахұнмен «Қарамай-Тачен-Аягөз» транзиттік темір жолын салу мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Жобаның өңірлік-географиялық артықшылығы бар және даму үшін әлеуеті жоғары. Халықаралық магистраль Қытай, Қазақстан, Ресей және Еуропа елдерінің солтүстік-шығысын біріктіреді. Магистральға қосылу үшін қазақстандық тарапқа ұзындығы 270 шақырым «Бақыт-Аягөз» темір жолын салу қажет.

 «Бұл жобаны іске асыру  жаңа перспективалар ашады. Бұл Қытайдың батыс бөлігінен Қазақстанға, Ресейге, Еуропа елдеріне жүк, жолаушылар ағынының жол уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Д. Ахметов.

Қытай тарапының болжамы бойынша жоспарды іске асырған жағдайда, 2020 жылы жүк ағыны көлемі 1,85 млн. тоннаны, 2030 жылы 3 млн-нан астам тоннаны құрайтын болады.

Соңғы жаңалықтар