Қазақстан мен Қытай шекарасындағы көлік кептелісін шешу үшін бірқатар шаралар қабылданды

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Пандемия басталғаннан бері қытай тарапы шекарада санитариялық бақылаудың күшейтілген шараларын енгізді және көлікті күн сайын өткізу 20 бірлікке дейін қысқарды. Бұл «Нұр жолы» өткізу пункті аумағында Қазақстаннан Қытайға баратын 1700-ге дейін автокөлік кезегінің пайда болуына алып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетініңбаспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Топталу мәселесін шешу үшін бірқатар шаралар қабылданды, соның ішінде қытай тарапымен келіссөздер жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша қабылданатын көлік саны күніне 20 бастап 100-ге дейін ұлғайды.

2020 жылғы 1 шілдеден бастап бұрын уақытша жабылған «Қалжат», «Бақты», «Майқапшағай» өткізу пункттері ашылды. Алайда, қытай тарапынан өткізу пункттерін жабу себебі бойынша тауарлар мен көлікті өткізу жүзеге асырылмайды.

Үкімет деңгейінде қытайлық тасымалдаушылардың кіруін және шекаралық көліктік-логистикалық орталықтарға тауарларды ауыстырып тиеу мүмкіндігін көздейтін ҚХР-мен өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. Қытай жүргізушілері енді өткізу пунктінің аумағына 24 сағатқа визасыз режимде кіре алады.

Қытайға экспортқа өнімдерді өткізетін отандық экспорттаушылар үшін бір мезгілде «жасыл дәліз» құрылды. Оларды өткізу кезектен тыс жүзеге асырылады.

Осылайша, шекарада көліктің топталуын азайтуға бағытталған шаралар қабылданды. Үкіметтік деңгейде Қытаймен тауар айналымын ұлғайту жөніндегі ұсыныстармен Қытайдың Мемлекеттік Кеңесіне өтініш жолданды.

Қытай тарапы тауарларды өткізудің жаңа тәртібін келіскеннен кейін шекара арқылы өткізілетін көлік санының күніне 200-ге дейін артуы және тиісінше топталудың төмендеуі күтілуде.

Алайда, ағымдағы жылғы 20 шілдеден бастап Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты Қытай Қазақстан тапапынан көлік қабылдауды күніне 10-ға дейін қысқартты.

Шекара арқылы бірінші кезекте тасымалдауға арналған келісімшарттарға байланысты Қытайға тауар үшін жіберілетін экспорттық тауарлар мен тасымалдаушылар өткізілетін болады.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейтінін және ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша тауарларды әкелу көлемінің 18%-ға артқанын атап өткен жөн.

Осыған байланысты, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті экспорттық-импорттық операцияларды жүргізу кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды логистикамен байланысты ықтимал тәуекелдерді ескеруге және контрагенттермен тауарларды өткізу және келісімшарттар жасасу мәселелерін алдын ала пысықтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар