Қазақстан мен Қытай шекарасындағы барлық өткізу пункті жұмыс істеп тұр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Қытай шекарасындағы барлық өткізу пункті жұмыстарын жандандырды. Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инвестициялар салаларындағы ынтымақтастық комитеті, Ынтымақтастық жөніндегі комиссия, өңірлік ынтымақтастық форумы сынды тетіктердің әлеуетін арттырамыз. Екіжақты ынтымақтастық сапасын әртараптандырып, нығайтамыз, арттыра түсеміз. Өзара тиімді ынтымақтастықты мүлтіксіз дамытып, жаңа салалары мен мүмкіндіктерін қарастырамыз. Қытай-Еуропа бағдарының өткізу қабілетін барынша қамтамасыз етіп, Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін аша түсеміз. Көлік бағдарларын әртараптандырамыз», - деді Ван И ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуден кейінгі брифингіде.

Сонымен қатар ол екі ел 5G, үлкен деректер, жасанды интеллект, цифрлық қаржы, трансшекаралық электронды сауда, жаңаратын энергия көздері салаларында жаңа өсім нүктелерін құруға да баса мән беретіндігін атап өтті.

«Қазақстан мен Қытай шекарасындағы барлық өткізу пункті жұмыстарын қалпына келтірді. Әуе қатынасын жаңғырту мәселесінде де ілгерілеушілік бар. Екі елдің әуе компаниялпары таяу уақытта аптасына 2 рейстен орындайтын болады. Бұл да екі елдің халқына пайда әкеледі», - деді Қытай Сыртқы істер министрі.


Соңғы жаңалықтар