+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Қазақстан мен Еуроодақ кеден саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндігін қарастырды

2020 жылғы 24 қараша 09:15
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Еуроодақ кеден саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндігін қарастырды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы Кеден ынтымақтастығы көмекші комитетінің 4-ші виртуалды отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Еуропалық одақ – Қазақстан Республикасының негізгі сауда және инвестиция серіктесі. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы мен ел экономикасына тартылған шетелдік капиталдың 30-дан 50 %-на дейін осы одаққа тиесілі.

2020 жылдың бес айында екіжақты тауар айналымы 1,6 млрд долларды, яғни ҚР тауар айналымының 33,2%-ын құрады. Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің қатарында Италия, Нидерланды, Франция және Грекия бар.

Басқосу барысында сауда рәсімдерін жеңілдету, транзит еркіндігін дамыту, халықаралық кеден және сауда стандарттарын енгізу, құқық қорғау қызметі, оның ішінде есірткі саудасы мен темекі өнімдерінің контрабандасымен күрес сынды маңызды мәселелер қарастырылды.

Сондай-ақ тараптар Еуропа мен Азия арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету бойынша өткен жылы қабылданған ЕО-ның Орталық Азия бойынша стратегиясындағы («connectivity») кедендік ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндігін талқылады.

Стратегия әлеуетін тиімді пайдалану – азаматтардың экономикалық жағдайын көтеру, жұмыс орынын құру және Еуропа мен Азия арасындағы жеткізу қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Көмекші комитет төрт жыл ішінде кеден қызметі және еліміздің басқа да мемлекеттік органдарының өзара байланыс институтына айналды. Екі тарап серіктестікті ары қарай дамыту туралы келісімге келді.


Авторы Арнұр Рақымбеков


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT