Қазақстан мен ЕҚДБ 2025 жылға дейінгі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен ЕҚДБ-ның Қазақстан бойынша басшысы Агрис Прейманис Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Қайта Құру және даму банкі арасындағы елдің орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты кеңейту бойынша әріптестік туралы негіздемелік келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Құжатқа ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен онлайн-кездесуі барысында қол қойылды.

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстанда ЕҚДБ қатысуымен бірқатар табысты жобалар іске асырылғанын, олар біздің экономикамыздың әртараптандырылған, тұрақты және инклюзивтік өсу моделін дамытуға ықпал еткенін атап өтті.

«Біз ЕҚДБ-мен стратегиялық ынтымақтастықты жоғары бағалайтынымызды тағы да атап өткім келеді. Қол қойылған келісім біздің бірлескен жұмысымызға жаңа серпін береді», - деді ҰЭМ басшысы.

Құжат жеке секторды қолдау, ҚР экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, заманауи энергиялық тиімді және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу есебінен жасыл экономиканы дамыту, венчурлік қаржыландыруды дамыту есебінен инновациялар мен цифрландыруға жәрдемдесу, МЖӘ құқықтық және институционалдық базасын нығайту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымда қаржылық және экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу мәселелерін және өзара іс-қимылдың басқа да аспектілерін қамтиды.

Қазақстан 1992 жылғы 27 шілдеден бастап ЕҚДБ мүшесі болып табылады. ЕҚҚДБ жарғылық капиталындағы ҚР үлесі 69 млн.еуроны құрайды (0,23%). ЕҚДБ Қазақстандағы қызметі кезеңінде жалпы сомасы 8,132 млрд. еуродан асатын 280 жоба қаржыландырылды, оның 66%-і жеке секторда.


Соңғы жаңалықтар