Қазақстан мен Беларусь Президенттері арадағы саяси-экономикалық байланысты оң бағалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Беларусь арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың даму қарқынын оң бағалап, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тараптар Беларусьтің 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одақ ұйымына төрағалық етуіне байланысты еуразиялық интеграция аясындағы өзара іс-қимылдарды одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.

Президенттер бір-бірін Жаңа жылмен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға жауапты мемлекеттік қызметте табыс, достас беларусь халқына бақ-береке тіледі.


Соңғы жаңалықтар