+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қазақстан мен Беларусь құрылыс бағасын мемлекеттік деңгейде салыстырады

2021 жылғы 13 шілде 11:15
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Беларусь құрылыс бағасын мемлекеттік деңгейде салыстырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Екі ел құрылыс объектілері құнын салыстырудың мемлекетаралық стандартын әзірлеуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, үнемі қадағаланатын және салыстырылатын 100 баға құраушы құрылыс материалы анықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада үлескер қаржысын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жарияланды Жезқазған өңірінде 60 мың тонна көкөніс өндіретін жылыжай мен құс фабрикасы салынады Жұмысшы кентіндегі 873 үй орталықтандырылған су жүйесіне қосылады - Қарағанды

Индустрия және инфрақұрылымдық дами министрлігінің мәліметінше, жалпы бағаға жасалатын талдау Қазақстан мен Беларусьтің бірлескен құрылыс жобаларына қатысуы үшін қажет болады.

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі республикалық ғылыми-техникалық орталықпен (РҒТО, Беларусь) бейнеконференциясы барысында тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді.

Екі ұйым да мемлекеттік деңгейде баға белгілеу және ақпараттық модельдеу мәселелеріне жетекшілік етеді.

Сарапшылар Қазақстан мен Беларусьтың үлгілік жобаларға, технологиялық карталарға салыстырмалы талдау жүргізуге, баға белгілеу жүйесін қалыптастыру және ақпараттық модельдеуді енгізу тәсілдерін зерделеуге келісті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT