Қазақстан мектептерінде Тұңғыш Президент туралы ашық сабақтар өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай республика мектептерінде «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында ашық сабақтар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2019 жылдың 1 желтоқсанында біздің елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтеді. 2011 жылы Қазақстан Парламенті мемлекеттік мерекені - Тұңғыш Президенті күнін бекітетін Заңды қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан аса көрнекті тұлға. 20 жыл бойы Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

29 қарашада Қостанай облысының білім беру ұйымдарында «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» жалпы республикалық ашық сабағы өтті. Бірыңғай ашық сабақ ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған және Ұлт Көшбасшысының жасаған еңбектеріне оқушылар назарын аударуға, патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Онда дәріс оқу үшін «Nur Otan» партиясының мүшелері, журналистер, ардагерлер, Қоғамдық кеңес мүшелері және өңірдің құрметті тұрғындары қатысты. Бірыңғай сабаққа 498 мектептен 100 мыңнан астам оқушы қатысты.

Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» ашық сабақтары ұйымдастырылды. Ашық сабаққа «Нұр Отан» партиясының мүшелері, ардагерлер, мәдениет қайраткерлері, қоғамдық кеңестердің мүшелері және облыстың құрметті тұрғындары қонақ ретінде шақырылды және «Балалық шағымның аспаны» фильмінің үзінділері көрсетілді. Оған облыстың 648 мектебінен 188 мың оқушы қатысты.

Өз кезегінде өңір әкімі Даниал Ахметов колледждерде оқитын 200 студентке және интернет арқылы 7 мың студентке мемлекеттің қалыптасуы мен өркендеуіндегі Н.Ә. Назарбаевтың маңызды шешімдері туралы дәріс оқыды. Дәріс соңында әкім WorldSkills әлем және ұлттық чемпионаттарының жеңімпаздары мен олардың тәлімгерлерін марапаттап, бағалы сыйлықтар мен тәлімгерлерге 200 мың теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттарды табыстады.

Ақмола облысында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты республикалық ашық сабаққа 556 мектеп пен 33 колледждегі 144 мыңнан астам оқушы мен студент қатысты. Онда балаларға Елбасының әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке сөзсіз үлес қосқан бастамалары туралы баяндалды. Тұңғыш Президент туралы деректі фильмдер көрсетілді. Спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды. Мектеп фойелері және кітапханаларда Тұңғыш Президенттің өмірі мен қызметі туралы фотоматериалдардың көрмесі ұйымдастырылып, Елбасының тағдырына арналған кітаптардың тұсаукесері өтті.

Ақтөбе қаласындағы №72 мектеп-лицейде «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» деп аталатын жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті. Оған қатысу үшін М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті әлеуметтік-саясат пәндері кафедрасының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов арнайы келді. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа бастамалары талқыланып, профессор оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында құрметті қонаққа кітап тарту етіліп, қатысушылар естелік фотоға түсті.

Алматы қаласындағы №147 гимназияда Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпыреспубликалық ашық сабақ жоғары дәрежеде өтті. Оқушылар Елбасына деген құрметті жыр, арнау, ән, театрландырылған қойылым арқылы жеткізді. Сонымен бірге, мектепте Тұңғыш Президент күніне арналған көрме ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар