Қазақстан Логистиканың тиімділік индексінде 6 позицияға көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Логистиканың тиімділік индексінде 6 позицияға көтерілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«LPI рейтингісі бойынша, 2018 жылы Қазақстан Логистиканың тиімділік индексінде 2016 жылмен салыстырғанда 6 позицияға көтерілді, әлемнің 160 мемлекеті арасында 71-орынды иеленді», - деді ол.

Министрдің дерегінше, соңғы екі жылда Қазақстан позициясы жеткізу мерзімін сақтау бойынша – 50 орынға (42 позицияға), кеден жұмысының тиімділігі – 65 орынға (21 позицияға), логистикадағы компетенция – 90 орынға (2 позицияға) көтеріліп, көрсеткіштерін жақсартқан.

«Қазақстан позициясының жақсаруына кедендік декларацияға кететін уақыт шығындарының қысқаруы, кедендік және салықтық әкімшілендіру бойынша автоматтанған жүйе арқылы электрондық декларацияны енгізу әсер етті. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында бақылау пункттерін жаңғырту, ақпараттарды электрондық алдын-ала енгізу жоспарланған. Бұл рейтингке оң әсер етеді», - деді Роман Скляр.


Соңғы жаңалықтар