Қазақстан-қытай шекарасында өткізу пунктері мереке күндері жұмыс істемейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан -Қытай шекарасындағы «Нұр Жолы», «Достық», «Бақты» автокөлік өткізу пунктері 2021 жылғы 1, 7 және 9 мамырда жұмыс істемейді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰҚК сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі уақытта Қазақстан - Қытай шекарасында 2 темір жол («Достық» және «Алтынкөл») және 3 автокөлік («Нұр Жолы», «Достық», «Бақты») өткізу пункттері жұмыс істейді, жалғасып жатқан карантиндік шектеулерге байланысты бұл пункттер арқылы тек жүктер мен тауарларды ғана өткізу жүзеге асырылады», делінген хабарламада.

Аталған өткізу пункттері арқылы жүк көлік құралдары қозғалыс бағыттары алдын ала хабарланады.


Соңғы жаңалықтар