Қазақстан КВИ-ға қарсы қандай вакцинаны сатып алуы мүмкін - Ерлан Қиясовтың жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясов еліміз коронавируспен күрес үшін сатып алынуы мүмкін 3 вакцинаны атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні әлемде белгілі әрі нақтыланған 198 вакцина-кандидат әзірленіп жатыр. 42 вакцина адамдарға клиникалық сынақтан өтуде. Қазіргі уақытта келешегі бар деп 3 вакцинаны бөле қарастырып отырмыз. Олар Оксворд вакцинасы, Ресейде әзірленіп жатқан «Спутник-5» және қазақстандық вакцина», - деді Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда вице-министр қазақстандық вакцинаны әзірлеу қай сатыға жеткендігіне тоқталды.

«Бұл вакцинаның алғашқы сынағы өткізіліп, қазіргі уақытта екінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Келесі жылдың басында осы вакцинаны бейімдеудің үшінші сатысына кірісеміз деген үміт бар. Ал вакцинациялауға жататын адамдар санына қатысты жұмыс жүргізілуде. Алдын ала болжамды сан 2 млн-нан астам адам болатын. Қазіргі уақытта қосымша контингент анықталып отыр. Сондықтан бұл санды ұлғайта түсеміз. Ал вакцинаны таңдау сынақтың үшінші кезеңі өткізіліп, оны тіркеудің барлық заңды процедуралары жүргізілгеннен кейін ғана анықталады», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.


Соңғы жаңалықтар