Қазақстан құрамасының футболшысы алаң ортасынан гол соқты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – УЕФА Ұлттар Лигасы аясындағы Албания-Қазақстан кездесуінде алаң ортасынан гол соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойынның бірінші бөлігі Албания құрамасының басымдығымен өтті. Алаң қожайындары қатарынан екі гол соғып сенімді ойнайды. Кездесудің 24-минутында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен күтпеген жерден гол соқты. Оның алаң ортасынан бағыттаған соққысы Албания құрамасының қақпасынан табылды.

Осылайша, қазақстандық ойыншы әлем футболында сирек соғылатын голдың авторы атанды.



Соңғы жаңалықтар