Қазақстан Қорғаныс министрі өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәскеуде өтетін Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуына байланысты қорғаныс ведомствосының басшысы генерел-лейтенант Нұрлан Ермекбаев 11 маусымнан бастап өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шараларға Қазақстан Қорғаныс министрі өзінің ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгудың шақыруымен барады.

Өзін-өзі оқшаулау бойынша шаралар шет елдерге бару тәртібін, дәрігерлердің ұсыныстарын, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жай-күйін ескере отырып қабылданды.

Қорғаныс министрі жұмыс орнында. Бұл ретте оның қарамағындағылармен тікелей байланысы жоқ. Қорғаныс министрлігі мен қарулы күштер қызметіне басшылық ету телефон және бейнеконференцбайланысы арқылы жүзеге асырылады.

Өзін-өзі оқшаулау кезеңінде қорғаныс министрімен қажетті диагностикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Өзін-өзі оқшаулау режимінің аяқталу күні туралы шешім ағымдағы жағдайды ескере отырып, Мәскеуден оралғаннан кейін қабылданады.


Соңғы жаңалықтар