Қазақстан коммунистік халық партиясы сайлауға дайын - Айқын Қоңыров

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан коммунистік халық партиясы алдағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауға дайын. Бұл туралы аталған партия мүшесі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз парламенттік партия ретінде кез келген сайлау науқанына қатысуға міндеттіміз. Өйткені, бұл күшімізді байқап көрудің үлкен мүмкіншілігі саналады. Меніңше, бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында бұл өте өзекті бола түсті. Халықтың белгілі бір бөлігі біздің көзқарастарымызды жақтап, қолдау көрсетіп отыр және сол адамдардың үмітіп ақтауымыз керек. Бізде процедура демократиялы. Өйткені, жарғымыз демокартиялық орталықтандыру негізінде жазылған және соған сәйкес партияішілік таңдау процестері партия сессиясында ашық талқыға түседі. Коммунизм идеологиясының негізі - әділдік. біз сайлауға «әлеуметтік әділдік» ұранымен түсеміз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Мәжілістегі коммунистер осы уақытқа дейін әлеуметтік теңсіздікті қамтамасыз ету үшін біраз жұмыс атқарды.

«Үкіметпен толықтай өзара түсіністік орнаған деп айта алмаймын. Олардың өз міндеті, Ұлттық банктің өз міндеті, оппозициялық партия ретінде біздің өз міндетіміз бар. Біз сынаймыз, тіпті кейде қоғамның игілігі үшін әрекет етіп, мәжбүрлейміз де. Баспананы несие алғандармен, үлескендермен жақсы жұмыс жасадық. Меніңше, олардың көпшілігі риза деп ойлаймын. Өйткені, бұл мәселені біздің фракциямыз ең бірінші болып көтерді. Әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасына қатысты заңды қолдаған жоқ. Ең бастысы Парламент алаңында жерді шетелдіктерге сатуға болмайтындығын ең бірінші болып мәлімдеген партия болдық»,- деді Қоңыров.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты алдағы сайлауда төменгі палата мандатын көбірек алуға тырысатындығын баса айтты.

«Осы аптада Қазақстан коммунистік халық партиясы орталық комитеті саяси бюросы өтеді. Сол отырыста сайлауға қатысты барлық мәселелерді талқылаймыз. Партияның съезін өткізу, саяси бағдарламасын жасау мәселелері көтеріледі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар