+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Қазақстан қажет болған жағдайда еліміз азаматтарын Уханнан эвакуациялайтын болады

2020 жылғы 26 қаңтар 15:52
Бөлісіңіз:
Қазақстан қажет болған жағдайда еліміз азаматтарын Уханнан эвакуациялайтын болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин қажет болған жағдайда Қытайдың Ухан қаласында жүрген Қазақстан студенттері мен еліміздің басқа да азаматтарын шұғыл эвакуациялауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны күрт артуына байланысты кеңес өткізді.

Министрлер кабинетінің басшысы кеңес қорытындысы бойынша бірқатар кешенді алдын алу шараларын қабылдауды жүктеді. Соның ішінде қажет болған жағдайда ҚХР Ухан қаласында жүрген Қазақстан студенттері мен ҚР-дың басқа да азаматтарын шұғыл эвакуациялауды қамтамасыз ету тапсырмасы бар.

Сондай-ақ келесідей шаралар қолға алынады:

1. Мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде, оның ішінде әуе, автокөлік және теміржол көлігі нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауын күшейту;

2. ҚХР-дан келген барлық адамдарға тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық бақылау орнату;

3. Эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда халыққа қажетті көмек көрсететін медициналық ұйымдардың дайындығын қамтамасыз ету;

4. Қытайға қызметтік іс-сапарларды шектеу, сондай-ақ жеке істер мен туристік мақсаттарда бармауға кеңес беру;

5. ҚХР-дан келетін транзиттік жолаушыларға ҚР аумағына 72 сағаттық визасыз келу режимін уақытша тоқтату;

6. ҚХР аумағындағы қазақстандық азаматтармен оларға консулдық және өзге де көмек көрсету мақсатында жұмысты жандандыру;

7. Мемлекеттік органдар коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру мақсатында ҚХР және басқа да мүдделі елдердің тиісті мемлекеттік құрылымдарымен қажетті өзара іс-қимылды ұйымдастыруы тиіс;

8. «Қорғас» ШЫХО қазақстандық бөлігінің жұмысын уақытша тоқтату;

9. Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаевтың төрағалық етуімен ведомствоаралық комиссия құру, оған Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды.

ҚР Премьер-Министріне қалыптасқан ахуал және оларға әрекет ету шаралары жөнінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ш. Нұрышев, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің директоры Д. Ділманов, сондай-ақ Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының басшылығы баяндады.

Еске салайық, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан Қазақстан аумағына коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша нақты ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырған болатын.

Қазір Қытайда пневмониялық инфекцияның жаңа түрі тарап жатыр. Сырқатқа шалдыққан және көз жұмғандар саны күн санап артып келеді. Алғашқы науқастар тіркелген күндері (15 қаңтар) есепке 41 адам алынған болатын.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда жаңа коронавирусты жұқтырғандар 1326-ға жетіп, өліммен 41 оқиға аяқталды.

Пневмонияның бұл түрі Таиланд, Еуропа елдері мен АҚШ-та тіркеліп отыр.

Қазақстан коронавирусты зертханалық жағдайда анықтауға мүмкіндік беретін праймерлерді сатып алуды бастады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде инфекция тіркелмегенін ресми мәлім етті.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша, карантинге жабылған Қытайдың Ухан қаласында бүгінде Қазақстаннан 230 студент оқиды. Олардың 98-і ғана қалада қалып отыр. Қалғандары демалыстың басталуына байланысты Қазақстанға және басқа да елдерге кетіп қалған.

Еліміз өңірлеріндегі барлық әуежайларда профилактикалық шаралар және оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT