Қазақстан K4 және K5 кластарындағы жанармайға көшеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - K4 және K5 экологиялық кластарындағы автокөлік бензині мен дизель отынын шығаруға және айналымға көшу Қазақстан Республикасының аумағында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл Кеден одағының «Автомобильдік және авиациялық бензинге, дизельдік және теңіз отынына, авиациялық отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентіне сәйкес (ТР ТС 013/2011) өткізіледі.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін импорттайтын компанияларға К4 және К5 экологиялық кластарына сәйкес келетін мұнай өнімдерін импорттауды ұсынады.

Бұдан басқа, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап K4 және K5 экологиялық класстарының мұнай өнімдерін өндіру талаптары қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге де қатысты екендігі атап өтілген. 

Соңғы жаңалықтар