Қазақстан Иранмен құқықтық саладағы әріптестікті күшейтпек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілісте Қазақстан мен Иран арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек жайлы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республкикасы арасында азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді бекітудегі мақсат – екі ел арасындағы құқықтық саладағы әріптестікті күшейту. Келісімді ратификациялау арқылы азаматтық сот өндірісі саласында азаматтарымызға құқықтық көмек беру саласына жаңа серпін берілгелі отыр. Бұл келісімді ратификациялау Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы құқықтық мәселелер бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады», - деді Әділет вице-министрі Наталья Пан заң жобасын Парламент Мәжілісінде таныстыра отырып.

Келісімде екі елдің құзыретті органдарының азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелері регламенттеледі. Құжатта көмек көрсетуден бас тарту негіздері, құқықтық ақпаратпен және материалдармен алмасу, заң актілерін тану және орындау шарттары жан-жақты айқындалған.

Сондай-ақ құжаттарды тапсыру шарттары, дәлелдемелерді жинау және беру, куәгер мен сарапшыны шақыру, сот актілері мен төрелік шешімдерді тану және орындау белгіленген. Екі мемлекеттің құқықтық көмек көрсету рәсімдерінде тікелей өзара іс-қимыл жасайтын құзыретті органдары айқындалған.

Фото: elana.kz
Соңғы жаңалықтар