Қазақстан инвесторлар құқығын қорғау міндетін орындайды - Президент

Фото: None
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат – Қазақстан инвестициялық бағытта дәстүрлі серіктестерінің алдында өзінің барлық міндеттерін толыққанды орындайды. Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы елді ауқымды жаңғырту аясында экономикада монополиясыз және сыбайлас жемқорлықсыз жаңа ойын тәртібін құру қадамдары жүріп жатқанын атап өтті.

Осы орайда Президент бірінші кезектегі міндет инвесторлар құқығын, тұрақтылықты барынша қорғау мақсатында кәсіпкерлікті қолдау мен бизнес-климатты жақсарту болып отырғанын айтты.

«Біздің дәстүрлі серіктестеріміздің алдында өзіміздің барлық міндеттерімізді толыққанды орындайтын боламыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы елдердің орнықты дамуы үшін ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейту, экономикамыздың өсіміне жол ашу қажет деп санайды. Осы ретте Президент аса маңызды міндетті, яғни халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті естен шығармау керек екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар