Қазақстан импорттайтын тауарлар бағасы 6,1 пайызға қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылғы 11 айда экспортталатын тауарларға баға 2,4 пайызға төмендеп, импортталатын тауарларға 6,1 пайызға жоғарылады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, өткен жылдың қаңтар-қарашасында экспорттық жеткізілімдер бағасы ферроқорытпаларға – 26,8, мырыш кендеріне – 15,7, хром кендеріне – 15,1, мырышқа – 4,2, мысқа – 2,6, мұнайға 0,8 пайыз төмендеді. Ал темір кендеріне – 18,3, көмірге – 17,1, қорғасынға – 16,9, қара металдардан жасалған бұйымдарға – 7,8, қара металл илегіне 3,2 пайыз жоғарылады. Бағаның мақтаға 7,1 төмендеуі, олардың бидайға – 26,4, арпаға – 4,2, жүнге 1,7 көтерілуі тіркелді.

Импортталатын өнімдерден көкөністер – 37,4, күріш – 10,8, кондитерлік өнімдер – 15,4, сүт өнімдері – 8,3, макарон өнімдері – 7,7, кофе – 6,6, құс еті – 5,2, балық 5,1 пайыз қымбаттады. Қант – 7,7, жемістер мен жаңғақтар 3,9 пайыз арзандады. Баға аяқ киімге – 11,2, фармацевтикалық өнімдерге – 10, құрылыс материалдарына – 7,8, қағаз 7,7 пайызға жоғарылады.



Соңғы жаңалықтар