Қазақстан халқының саны 18 млн 653 мыңнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 18 млн 653 мың 500 адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың жалпы санының 10 млн 914 мың 800-і немесе 58,5% - қалада, 7 млн 738 мың 700-і немесе 41,5% ауылдық жерлерде тұрады.

18 млн 653 мың 500 адамның 9 млн 44 мыңын немесе 48,5% – ерлер, 9 млн 608 мыңын немесе 51,5% әйелдер құрайды.

2019 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 238 мың адамға немесе 1,3% артты. Ең көп өсім үш өңірде тіркелді: Алматы қаласында (64 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласында (58,4 мың адам) және Түркістан облысында (33,3 мың адам).


Соңғы жаңалықтар