Қазақстан халқының саны 18 млн 630 мыңнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 18 млн 632 мың 200 адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

18 млн 632 мың 200 адамның 10 млн 893 мың 800-і немесе 58,5% - қалаларда, 7 млн 738 мың 400 мыңы немесе 41,5% ауылдарда тұрады.

Жалпы халық санының 9 млн 34 мың 300-ін немесе 48,5% – ерлер, 9 млн 597 мың 900-ін немесе 51,5% әйелдер құрайды.

2019 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 236,5 мың адамға немесе 1,3% өсті. Бір жыл ішінде тұрғындар саны ең көп 3 өңірде артқан - Алматы қаласында 62,2 мың адамға, Нұр-Сұлтан қаласында 57,6 мың адамға және Түркістан облысында 36,4 мың адамға.

Айта кетейік, биыл елімізде Ұлттық халық санағы өтеді.


Соңғы жаңалықтар