Қазақстан халқының бірлігі күніне орай дін өкілдері бас қосты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін алдағы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қазақстан діни бірлестіктерінің өкілдері жиналысының отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара аясында дін қайраткерлері Нұр-Сұлтанда Президент саябағының аумағындағы Конфессияаралық келісім аллеясында ағаш отырғызу акциясына қатысты.

Отырысқа және экоакцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, иудаизм, православ, католик, лютерандық, баптистік, пресвитериандық, елуіншілер мен Новоапостолдық шіркеулерінің және басқа да діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін қалыптастырудағы тарихи рөлін атап өтті.

Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен құттықтау сөз сөйледі.

«Еліміздің этностық және діни әралуандылық мемлекет пен қоғамның да көпвекторлы дамуының негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады», - деп атап өтті Ержан Нүкежанов.

Сонымен қатар ол, бұл іс-шара конфессиялардың Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен енгізілген «Жасыл Қазақстан» жобасын қолдайтынын көрсететіндігін жеткізді.

Еске сала кетсек, аталмыш акция 2017 жылдан бастап жыл сайын дәстүрлі түрде өтуде.


Соңғы жаңалықтар