Қазақстан халқының 41,1% ауылда тұрады - статистика

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда халық саны 18 млн 809 мың 200 адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес , 18 млн 809 мың 200 адамның ішінде:

- 11 млн 87 мың 500-ы немесе 58,9% - қала тұрғындары;

- 7 млн 721 мың 700-і немесе 41,1% - ауыл тұрғындары;

- 9 млн 124 мың 600-і немесе 48,5% - ер адамдар;

- 9 млн 684 мың 600-і немесе 51,5% - әйел адамдар.

2019 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 238,9 мың адамға немесе 1,3% өсті.

Қарастырылып отырған кезеңде ең көп өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы (63,9 мың адам), Нұр-Сұлтан (49,5 мың адам) және Шымкент (32,8 мың адам) қалаларында тіркелді.


Соңғы жаңалықтар