Қазақстан халқына қоры құрылтайшыларының өкілеті қысқарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан халқына» қоры құрылтайшыларының өкілеті қамқоршылар кеңесіне беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгіннен бастап қордың Жарғысына, құрылтайшылық келісімшарттарына өзгеріс енгізіледі. Бұған дейін Шыңғысбаева құрылтайшы ұйымның басшысы болған еді. Жалпы құрылтайшылардың екеуі заңды тұлға, екеуі жеке тұлға еді. Қайырымдылық туралы заңнама бойынша Жарғыға өзгеріс енгіземіз. Соның аясында қордың жоғарғы басқарушы органы қамқоршылар кеңесі болады. Қазіргідей құрылтайшылардың жалпы кеңесі болмайды. Бүгіннен бастап құрылтайшылардың ешқандай өкілеті болмайды. Бүкіл өкілет қамқоршылар кеңесіне өтеді», - деді қордың төрағасы.

Сондай-ақ, қордың қамқоршылар кеңесіне жаңа үш адам қосылмақ.

«Бұдан былай қордың қызметіне байланысты шешімнің бәрін қамқоршылар кеңесі қабылдайды. Олардың саны 12-ден 15-ке көбейеді. Зәуреш Аманжолова, Әбілғазы Құсайынов және Иван Сәуэр кеңестің жаңа мүшелері болады», - деді Болат Жәмішев.

Бұған дейін «Қазақстан халқына» қоры сал болып қалған балаларға экзоскелет сатып әперетіні айтылды .


Соңғы жаңалықтар