Қазақстан ХАҚҚ құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммиті коммюникесін қолдайды

None
None
ТҮРІКМЕНБАШЫ. ҚазАқпарат -  Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммиті коммюникесін қолдайды. Бұл туралы бүгін аталған ұйымның құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммитінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Толықтай алғанда бүгінгі кездесудің халықаралық ауқымдағы атаулы оқиға саналатындығы сөзсіз. Ол су мен экология мәселелерінде өңірлік кооперация процесіне жаңа серпін беруге бағытталған. Біз осы жерде жаңа басымдықтар мен міндеттерді айқындадық. Бұл мәселелерді шешу Орталық Азияның тұрақты дамуы мен гүлденуін қамтамасыз ету үшін түбегейлі маңызды мәнге ие. Оларды біз қысқа ғана уақыттың ішінде жүзеге асыра алмайтындығымыз түсінікті. Сондықтан мұның барлығы да бізден бірлескен іс-қимылды одан ары үйлестіруді талап етеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңірлік ынтымақтастық мәселесінде Қазақстан табанды әрі сенімді серіктес болып қала беретіндігіне сендірді.

«Біз бүгін қабылданған саммит коммюникесін қолдаймыз. Онда Арал теңізі бассейндегі дағдарыс салдарын еңсеруге деген біздің ортақ ұмтылысымыз көрініс тапқан», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар