«Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ ақпараттық қауіпсіздік жөнінде конференция өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпараттық қауіпсіздік мамандары, IT әзірлеушілер, хакерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері Алматы қаласындағы Кибершабуылды (ЦАРКА) және PACIFICA талдау және тергеу орталығымен бірлесіп  «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ-тың басшылық етуімен «Kaz Hack Stan» ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі алғашқы практикалық конференцияда бас қосады.

Заманауи әскери қақтығыстарда ақпараттық басқару жүйелері мен киберкеңістікті қорғау қажеттілігі белең алған жағдайда бұл салада жеткілікті санда мамандарды дайындау қажеттілігі туындап отыр.

Қорғаныс министрлігінің оқу орындары мен азаматтық ЖОО-лардың әскери кафедраларында қазақстандық армияның тиісті бөлімшелеріне арналған мамандар оқытылуда. Ақпараттық кеңістікті қорғау қарулы күштер үшін ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіптің басқа да салалары мен қоғамның өндірістік тыныс-тіршілігінде өзекті екендігін ескере отырып, білікті мамандар жетіспейді. Дәл осы себептен «Kaz Hack Stan» конференциясының ұйымдастырушылары жағдайды жақсы жаққа өзгертуге ниеттеніп отыр.

«Біз қатысушылардың заманауи технологиялар мен аспаптар туралы жаға білім алулары үшін конференцияны практика жүзінде өткізу, сондай-ақ аталмыш конференцияның Қазақстанда ұйымдастырылатын өзге іс-шаралардан негізгі ерекшеліктері жарнамалық контентті түп тамырымен жою мақсатын діттеген болатынбыз», - дейді алда өтетін іс-шара туралы «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ президенті Әйгерім Стамбекова.

Конференция практикалық тұрғыда өтетінін айта кету қажет. Сондықтан ұйымдастырушылар байқау қарастырып отыр. Онда сайысқа қатысушылар жеке дара немесе команда құрамында осалдықты айқындау және әрі қарай жою үшін толыққанды инфрақұрылыммен алып шаһардың ақпараттық моделіне шабуыл жасап көреді. Бұны өзгелерден жақсырақ әрі тиімдірек жасағандар шара ұйымдастырушылары мен олардың серіктестерінен жүлдеге ие болады.

Соңғы жаңалықтар