Қазақстан ғалымдары Бішкектегі алтайстика конференциясына қатысады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанға Халықаралық алтаистік конфренцияның 61-ші отырысына дайындық жүргізу аясында әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар келеді, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Бүгінде конференцияға қатысу үшін Франция, Германия, АҚШ, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Жапония, Корея елдерінің өкілдері Қырғызстанға келді.

27-30 тамыз аралығында Бішкек қаласы алуан түрлі мектептердің ғалымдарының ғылыми жетістіктерімен бөлісетін алаңға айналады. Сондай-ақ, қатысушылар өзара әртүрлі ғылыми методологиялармен және әдістермен алмасады.

Айта кету керек, келген қонақтардың арасында германиялық профессор Дитер Мауидің танымал мектебі бар. Оның шәкірттерінің арасында Франция, Жапония, Түркия елдерінің өкілдері Александр Вовин, Йошида Йутака, Мехмет Олмезді атап кету қажет.

Аталмыш конференция Бішкекте алтайстиканың екі мектебінің ашылуымен ерекше. Алғаш рет 1957 жылы Германияның Майнц қаласында Алтай халқының тілін, мәдениетін, тарихын зерттеген ғалымдар жиналған. Бұл кездесу мен ондағы пікір алмасудың қызықты әрі пайдалы болғаны соншалық, кездесу төрт күнге созылған. Сол уақыттан бастап жыл сайын кездесуге шешім қабылданып, 1958 жылдан бері алтайстика конференциясы 60 жыл бойы өткізіліп келеді.

Екінші мектепті Жапония, Корея, Түркия және өзге елдердің ғалымдары ашқан.

Соңғы жаңалықтар