Қазақстан ЭЫДҰ-ның барлық 34 елімен визасыз режім енгізуді жоспарлауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының барлық 34 елімен визасыз режім енгізуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Испания-Қазақстан бизнес-форумында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Тек соңғы 10 жылда ғана Қазақстан 200 млн. доллардан аста тікелей шетел инвестициясын тартты. Бірақ, біз мұнымен тоқтап қалмақ емеспіз. Мемлекеттер алдына заманауи сын-қатерлер туындаған қазіргі уақытта біздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру сынды ұлы жоспарымыз бар», - деді Ә.Исекешев.

Ол өз сөзінде таяуда ғана президенттік «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жария етілгенін, оның аясында Қазақстан экономикасы қарқынды дами түсетіндігін атап өтті. Инвесторларды тарту және тәуекелдерді төмендету, ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес инвестициялық ахуалды жақсарту үшін жаңа тетіктер әзірленгенін еске салды.

«Салықтан босату режімі арнайы енгізілді. Мемлекет жоба іске қосылғаннан кейін күрделі шығыстардың 30 пайызын өтейтін болады. Бұл жобаларға шетелдік еңбек күштерін тарту 1 жылға қандай да бір рұқсат қағазынсыз, арнайы квота бойынша жүргізіледі. Испанияны қоса алғанда 19 ел Қазақстанмен визасыз режімге ие болған. Сонымен қатар біздің жоспарымызда ЭЫДҰ-ның 34 еліне дейін бұл тізімді кеңейту бар», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар