Қазақстан еурокубоктар маусымының рейтингінде ТОП-10-нан шығып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчтарынан кейін Қазақстан еурокубоктардың 2017/18 маусымының рейтингінде бес орынға төмендеді, деп хабарлайды Sports.kz.

1,625 коэффициент көрсеткішімен біздің ел алтыншы орыннан 11-ге сырғыды.

Еске салайық, кеше алматылық «Қайрат» өз алаңында албаниялық «Скендербеу»-мен, ал павлодарлық «Ертіс» сербиялық «Црвеная Звезда»-мен тең ойнады. Екі кездесу де 1:1 есебімен аяқталды.


Рейтингтің ТОП-ондығы келесідей:

1. Англия - 2,285 ұпай

2. Дания - 2,000

3. Лихтенштейн - 2,000

4. Кипр - 1,875

5. Израиль - 1,750

6. Норвегия - 1,750

7. Испания - 1,714

8. Германия - 1,714

9. Әзербайжан - 1,625

10. Швеция - 1,625

11. Қазақстан - 1,625.

 

Соңғы жаңалықтар