Қазақстан ЕО-ның келешегі зор сенімді серіктесі - Нидерланды Елшісі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Еуропалық одақтың жаһандық стратегиялық келешегі зор сенімді серіктесі саналады.

Бұл пікірді бүгін Алиментариус кодексі комиссиясының 30-шы мерейтойлық сессиясында Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Дирк Ян Коп білдірді.

«Қазақстан Еуропалық одақтың жаһандық стратегиялық келешегі зор сенімді серіктесі саналады. Әсіресе, тамақ өнімдері қауіпсіздігі мен азық-түлік қауіпсіздігі туралы сөз қозғалғанда. Қазақстан Үкіметі ауыл шаруашылығы шикізаттарының экспорттаушысына айналу үшін дер уақытында бірқатар мемлекеттік бағдарлама ұйымдастырды. Республиканың таяуда ғана Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі Кодекстің бұл мақсатқа қол жеткізудегі маңызды бағыттаушы серігі саналады. Нидерланды Қазақстанмен өзара іс-қимыл үшін және ДСҰ міндеттемелерін орындауда серіктес болып қала береді»,-  деді ол.

Сонымен қатар Елші, голландиялық компаниялар Қазақстанға өз жәрдемін көрсете беретіндігін, агроөнеркәсіп кешені секторын жақсартуға бағытталған технологияларымен және тәжірибесімен бөлісетіндігін баса айтты.  

Айта кетерлігі, Алиментариус кодексі әлемдік нарыққа шығатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын реттейтін, сонымен бірге «әділ сауда» шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тамақ өнімдеріне халықаралық стандарттарды әзірлейді. Алиментариус кодексі комиссиясын 1963 жылы Азяқ-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен бірлесіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрған. Комиссияға 186 ел мүше. Ал Қазақстан аталған ұйымға 2003 жылы кірген болатын.

Соңғы жаңалықтар