Қазақстан елшісі Пәкістан Президентіне сенім грамотасын тапсырды

None
None
ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат - Пәкістан Президенті Ариф Алвиге Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшісі Ақан Рахметуллин сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Пәкістан Президенті елдер арасында қалыптасқан достық қарым-қатынасты, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша екі мемлекеттің ұстанымдарының ұқсастығына тоқталды. Сонымен қатар, ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екіжақты қарым-қатынастардың қалыптасуына және Қазақстан-Пәкістан әріптестігінің дамуына қосқан қомақты үлесін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде, А. Рахметуллин жылы лебізін білдіріп, Қазақстанда болып жатқан экономикалық және саяси өзгерістер туралы хабардар етті.

Тараптар сондай-ақ саяси диалогты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды дамытуды қоса алғанда, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу соңында А. Алви Елбасы Н. Назарбаевқа және Қазақстан Президенті К. Тоқаевқа жүрек тілегін жеткізді, сондай-ақ Елшіге Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығын нығайту үшін табысты және жемісті жұмыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар