Қазақстан елшісі Норвегияны азат ету жолында қаза тапқан сарбаздарды еске алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 мамырда Осло қаласында Норвегия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшісі Қайрат Әбусейітов Жеңіс күніне орай ««Вестре гравлюнд» зиратында кеңес сарбаздарының ескерткіштеріне гүл қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсімді Норвегия Корольдігі гвардиясы құрметті күзетінің кернейшісі ашты.

Норвегия астанасындағы зиратта Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Норвегияны азат ету кезінде қаза тапқан 347 кеңес сарбазына ескерткіш қойылған. Ескерткіштерде «Норвегия сіздерге алғыс айтады» деген жазу жазылған.
null 

13 мың кеңес сарбазы, соның ішінде қазақстандықтар Норвегия тәуелсіздігі үшін жанын қиған.

Сол күні Қ.Әбусейітов Сербия елшісі Сузанна Бошкович - Продановичтің қатысуымен Екінші дүниежүзілік соғыста Норвегияда қаза тапқан юглославиялық партизандардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 
nullnullnullnull 

nullnull

Соңғы жаңалықтар