Қазақстан елшісі Эстония Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

None
None
ТАЛЛИН. ҚазАқпарат - «Кадриорг» президенттік сарайында Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Республикасының Президенті Керсти Кальюлайдқа сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президент К.Кальюлайд Қазақстан басшылығының Эстонияда елшілік ашу туралы шешімін жоғары бағалап, мемлекетаралық қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде, елші Н.Сейтімов екіжақты іс-қимылда тиімді ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар екенін және жаңадан ашылған елшіліктің күш-жігері оны сөзсіз жүзеге асыруға бағытталатындығын атап өтті. Ынтымақтастықтың басым бағыттары - цифрландыру, транзит және логистика, ауыл шаруашылығы, заңнамалық базаны нығайту және кеңейту.

Эстония Президенті Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы хабардар етті.

Сөз соңында Президент К.Кальюлайд Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар