Қазақстан Елшісі Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті

None
None
МИНСК. ҚазАқпарат - 25 наурызда Қазақстанның Беларусьтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаевтың Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесуі өтті.

Әңгіме барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту қажеттігіне баса назар аудара отырып, ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.

«Қазақстан мен Беларусь кез келген аренада, соның ішінде халықаралық аренада бір-бірін қолдайтын достас елдер болып табылады. Сізге үлкен алғысымды білдіргім келеді. 2020 жыл оңай болған жоқ, пандемиямен күрес жылы болды, ол кезде барлық елдер оқшауланып жатқанда, Беларусь тарапынан біз үлкен достық көмекті көрдік», - деп атап өтті А. Бейсенбаев.


Беларусь Президенті өз кезегінде Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасына жоғары баға беріп, олардың жан-жақты дамуына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

«Беларусь пен Қазақстан соңғы жылдары қарым-қатынастарды дамытуда және интеграция тұрғысынан, әсіресе ЕАЭО желісі бойынша, екі жақты қатынастарда, саудада және кооперацияда өте көп жетістіктерге қол жеткізді. Әрине, бұл көлемді кеңейту үшін неғұрлым терең кооперация болғанын қалайтын едік. Біз өндірісті көбірек жүктеуге, құрастыру өндірісін құруға, барларын жүктеуге дайынбыз. Бір сөзбен айтқанда, үкіметтерге жұмыс істеу керек», - деп атап өтті Беларусь басшысы.

А. Лукашенко Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың Беларусь Республикасына сапары екіжақты өзара іс-қимылға жаңа серпін бере алатынын атап өтті.

Кездесу достық және сенімді жағдайда өтті.


Соңғы жаңалықтар