Қазақстан экспорттаушыларына логистиканың баламалы жолдары ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Украинаның айналасындағы жағдайға және соған байланысты логистикалық қиындықтардың туындауына қатысты қазақстандық экспорттаушыларға жүктерін еліміздің теңіз порттары арқылы және одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағытымен жөнелту мүмкіндігін пайдалану ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жүргізілген келіссөздердің қорытындысында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ 50 мың тоннаға жуық металл өнімін Ақтау портына қайта бағдарлап, әрі қарай Әзербайжан мен Грузия арқылы жөнелтуге дайын екенін білдірді.

Қазақстан теңіз порттарының жалпы өткізу қабілеті жылына 23,7 млн тоннаны құрайды», - деді министрліктен.

Атап айтқанда:

– Ақтау порты – 14,7 млн тонна (мұнай – 9,5 млн, құрғақ жүктер - 2,5 млн, астық – 0,7 млн, паромдық жүктер - 2 млн тонна);

- Құрық порты - 6 млн тонна (теміржол терминалы - 4 млн, автотерминал – 2 млн);

- Ақтау солтүстік теңіз терминалы - 3 млн тонна (құрғақ жүктер мен астық 1,5 млн тоннадан) жүк өткізе алады.

Сонымен қатар қазіргі уақытта еліміздің теңіз порттарына 18 млн тоннаға дейін жүкті қайта бағдарлауға болады.

Қазақстан порттарында, сондай-ақ бір уақытта жүктердің белгілі бір көлемін сақтауға болады. Оның ішінде:

- Ақтау порты - 2,5 мың контейнер, 25 мың тонна астық, 220 мың бас жүк;

- Құрық порты - 250 жүк көлігін;

- Ақтау солтүстік теңіз терминалы - 6 мың контейнер, 60 мың тонна астық, 170 мың тонна басты жүкті (орамада тасымалданатын жеке жүктер мен тауарлар) сақтай алады.

Қосымша ақпарат алу үшін «жедел желі» телефондарына хабарласуға болады:

Ақтау порты

Коммерциялық жұмыс бөлімі: +7 (7292) 44 51 27, +7 775 362 72 73

Маркетинг және сату бөлімі: +7 (7292) 44 51 51.

Құрық порты

Маркетинг және сату бөлімі: +7 705 169 04 44, +7 776 025 77 77, +7 707 199 77 77

Ақтау солтүстік теңіз терминалы

Экспедициялау қызметі: +7 (7292) 20 38 78 (1024)

Көлік-экспедиторлық қызметі: +7 (7292) 20 38 78 (1028)

Маркетинг бөлімі: +7 (7292) 20 38 78 (1042).


Соңғы жаңалықтар