USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,7 пайызды құрады

2021 жылғы 11 тамыз 09:41
Бөлісіңіз:
Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,7 пайызды құрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,7 пайызды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау мен Чехияның сауда айналымы 12,8 млн долларды құрады Шикізат емес экспорт көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есе артады Доллар қымбаттап жатыр

«Осы жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,7 пайызды құрады. Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты сектордағы динамикалық және тұрақты өсу, қызмет көрсету секторындағы динамиканың жеделдеуі, өндіруші емес секторлардағы инвестицияның жоғары өсуі, сауда балансының оң сальдосының сақталуы байқалуда. Нақты сектор экономиканың орнықты даму факторы болып отыр. Осы жылдың қаңтар-шілдесінде нақты сектордағы өсім 3,6 пайызға дейін жеделдеді», - деді министр.

Оның айтуынша, іскерлік белсенділік қызмет көрсету саласында 2 %-ға дейін өсті. Салалар арасында ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау жоғары өсім көрсетуде. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында да жақсы өсім байқалып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT